БЕДЕРЛІ БЕЛЕС БИІГІ:
КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ
КІРІКТІРІЛГЕН САБАҚ
«Мен көздеген жұмыс¬тары¬мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты¬руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң¬ғыру¬ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».
( Н.Ә. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»)
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.
Мектеп оқушыларына рухани сана, рухани бағыт, рухани білім беруіміз қажет. Бүгінгі сабақ облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында өткізілді. Пән мұғалімі Конисова Нагира 9 “а,ә,в”сынып оқушыларына “Даңқы асқан, тарихы дастан менің Қазақстаным” тақырыбында тарих пәнінен кіріктірілген сабақ жүргізді. Оқушылар жаңғырған, жаңа Қазақстан келбетімен танысты.
«Рухани жаңғырту» бағдарламасы зияткер тұлға қалыптастыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.
{gallery}-13{/gallery}



