oC

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 1ә сыныбында Ләззат Құдайбергенованың ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік-тұғырым” атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіміздің мән мағынасын кеңінен түсіндіру, өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.

Сонымен қатар, оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды.