Балалар кітап оқиық Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің кітапханашылары Бегман Махаббат, Маманова Салтанат және А.С. Пушкин атындағы кітапхананың кітапханашысы Төлендиева Данагүл апайдың ұйымдастыруымен мектебіміздің мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушыларымызды А.С.Пушкин атындағы кітапханаға шақырып < Балалар кітап оқиық> атты көрме өткізді. Сонымен қатар балалар жаңадан келген кітап топтамаларымен танысты. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бос уақыттарында кітапханаға келіп кітап оқумен өткізуге шақыру.



