Салт-дәстүр кітаптар көрмесі Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Қоғамдық ұйымдар мен адамдард ың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениет пен өте тығыз байланысты, сол себепті мәдениеті жоғары дамыған ел-дәстүрге бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, шындық озық дәстүрге жатады. Дағды әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі және қанға сіңген қылықтарды білдіреді. Уақыт өткен сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген қазақ үшін бұлжымас заңға айналған. Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығында <Оқуға құштар мектеп> жобасы аясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай <Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітаптарын таныстыру> көрмесі өтті. Мектеп кітапханашылары: Бегман Махаббат және Маманова Салтанат халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі туралы кітаптарымен таныстырып, тереңінен түсіндірді. Мектебіміздің 11<Ә> және 7<В> сынып оқушылары өздері білетін халқымыздың салт-дәстүрлері туралы өз ой пікірлерімен бөлісті.



