Мектеп театры - балалар шығармашылығын дамытудың мол мүмкіндігі. Мектебімізде 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ағылшын тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қуыршақтар театры” жұмыс жасауда. Театр әр балаға қуаныш, қызық,ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов “Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы,сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес” -деген болатын. Балалар тілін дамытуда, басқа тілді үйренуде, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалардың кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары өз маңызын еш уақытта жоймақ емес. Мектеп мұғалімдері Сарсенбаева Фариза, Мереке Дандесова және Жаныл Шагдардың ұйымдастыруымен өткен, 3-4 сынып оқушыларынан құралған театр мүшелерінің, Самуил Маршактың “Теремок” ертегісін сомдаған кезекті қойылымынан үзіндіні ұсынамыз!
{gallery}-26{/gallery}


