oC

"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ" Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 2"А" Сынып жетекші: Искакова Бәтескүл Әбжаппарқызы "Оқуға құштар" мектеп жобасы аясында 4 наурыз күні Абылай хан атындағы N140 қазақ орта мектебінің 2,,А" сынып оқушылары Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында "Ертегі әлемінің келешегі" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушыларға қиял-ғажайып ертегілерінің осы заманда шындыққа айналып тұрмыста, қоршаған ортада пайдаланып жүргендігін насихаттау. "Оқуға құштар" мектеп жобасы аясында кітапханалармен байланысты арттыру. "Кітап құрттарының" оқуға, білімге қызығушылығын арттыру. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға саяхат. "Ұр,тоқпақ", "Ұшқыш кілем" ертегілері бүгінгі күннің сандық форматтағы, әуе техникаларының дамуы, ғарыштың игерілуі, робототехниканың күнделікті өмірде кеңінен қолданыста екендігі туралы балалардың ой-пікірлері тыңдалды. Заманауи техникалар жайлы әңгімеледі. Балалар келешектегі арман, мақсаттарымыздың орындалатынына кәміл сенді. Кітапхананың ән, би, көркем бейнелеу үйірмелерінің шығармашылық жұмыстарымен, Ә.Тәжібаев аталарының мұражайымен танысты. Биылғы 2022 жылдың "Балалар жылы" деп аталуына байланысты балаларға арналған оқу залымен танысты. Балалардың оқуға, кітапқа қызығушылығы артып, кітапхана қызметкерлеріне ризашылық алғыстарын білдірді.