Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі - сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту негізгі орын алады. Оқушыны дамытуға оқыту, білім беру, тәрбиелеу үрдістері өзара бірлікте жүргізілгенде ғана қол жеткізуге болады.
Осы жолда мектеп парламентінің қолға алған жұмыстарының бірі "Апта news" айдары. Мектеп өмірінің апта көлеміндегі жаңалықтарына қысқаша шолуды назарларыңызға ұсынамыз.



