Шәкәрім атамыздың "адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді" деген сөзі бар. Яғни, адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Алдымен жүрегің таза, еңбегің адал болу керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер етіп ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Мектеп парламенті мүшелері апта көлемінде біршама жұмыстар атқарып, нәтижесін сіздерге ұсынып отыр. Мектеп өміріндегі жаңалықтардан хабардар болыңыздар.



