oC

Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын "Маса" боп оятуды көздеген, "қазаққа қазақты сүюді үйреткен" Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.


Адамдық диқаншысы – жолға шықтым,

Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,


Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлап, алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен ұлт жанашырының "Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы" челленджін ұсынамыз.