Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келе жеткен қазыналары мен кереметтерін кітаптан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Бүгінгі "Кел, оқиық!" айдарында мектеп оқушылары Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романы бойынша әңгімелейді.
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Бұл туынды қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында. Әйел-ана бейнесін сомдай білген Ғабит Мүсірепов сынды классик жазушының көркем тілінің шеберлігі, роман желісі оқырманды баурап алып, қызықтыра түседі.



