oC

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Аса талантты жазушының қай шығармасын да оқырманы құмарта оқиды. Бүгінгі "Кел, оқиық!" айдарында С.Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармасы жайлы әңгіме болмақ.

 

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған повесть. Ғажайып шығарма оқушыларды сол заманға ойша саяхаттап, түсінуге мүмкіндік бергендей. Сіздерді де кітап оқуға шақырамыз достар!