Жасөспірімдердің бойына қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу үшін, ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, біздің міндет балаларға кітап әлеміне бойлау мүмкіндігін беру.
Айдарымыздың бүгінгі бөлімінде оқуға құштар оқушыларымыз Ж.Аймауытовтың"Күнікейдің жазығы" шығармасы бойынша әңгіме өрбітеді.



