Жастардың азаматтық белсенділігін, интеллектуалды ізденісін, дұрыс саяси бағытын қалыптастыруда дебат ойындарының орны ерекше. Бүгінгі күні дебат ойындарын жаңғырту, дамыту, жаңа сатыға шығару ісіне де көп көңіл бөлінуде. ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов: «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы», — деген болатын.
Мектеп парламентінің "Дебат қозғалысы" фракциясының ұйымдастыруымен АПФ форматында дебат ойындары өтті. Бүгінгі ойынның ерекшелігі ұстаз бен оқушы бір фракцияға бірігіп, пікірлерін білдірді.
"Б.п Tiger parenting-ті қолдайды" тақырыбындағы ойында қатысушылар тілге жүйрік, ой-өрісі кең, тақырыпты екі жақты көзқараста дәлелдей алатын нағыз дарындылар екенін дәлелдеді.
{gallery}-28/8{/gallery}



