Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау айрықша маңызды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарға барынша күш салып, балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында елімізде тиісті қадамдар жасалып келеді. Себебі білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Бұл ретте, мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен "Қамқор әпке, қамқор аға" жобасы аясында біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.
Атап айтатын болсақ, 7 сынып оқушысы Еркін Маржан ерекше қабілетке ие оқушылардың бірі. Ал, 6 сынып оқушысы Көлбай Айару шығармашылыққа бай, қаламы біршама ұшталған оқушы. Маржанның қолы шебер. Ол ермексаздан түрлі бейнелер мен кейіпкерлерді жасайды Алғашында, ермексазды ермегіне арналдырған Маржанның қолынан қайталанбас туындылар шыға бастаған. Қазіргі кезде ол оның айнымас серігі, күнделікті кәсібі.
️Ермексазбен бала жұмыс істеу арқылы қиялын, елестетуін және ұсақ моторикасын дамытады. Маржан өзінің жасаған бейнелерін түрліше атап, ерекше көзқараспен қарайды. Сол кейіпкерлерді өзінше сөйлетіп, ертегі құрастырады. Ал, Айару болса осы ертегілерді көркем тілмен жазуға жәрдем беріп жүр. Қазіргі кезде екі бүлдіршіннің ой-қиялы ұштасып жаңа туындылардың шығуына жол ашып отыр. Олардың қоржынында " Ашулы Айдаһар", "Түлкі мен қоян", " Кішкентай ақылды балапан" , " Алып Самұрық", " Аңқау Арыстан" " Алтын білезік", " Мейірімді патшалық" т.б. ертегілер бар.
{gallery}-28/14{/gallery}



