Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні мектебіміздің ата-анасы мен мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп асханасындағы тамақты дайындау және тарату кезінде жеткізілетін өнімдердің сапасын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында
Тамақтану залының санитарлық жағдайы тексерілді;
Күн сайынғы ас мәзірінің дұрыс жасалуы қадағаланды;
Ас блогындағы жұмыстың ұйымдастырылуы бақыланды;
Шикізатты сақтау шарттары, пайдалану мерзімдері, аспаздық өңдеу, тамақ өнімдерін дайындау технологиясына бақылау жүзеге асырылды;
Негізгі тамақ құрамының оқушылардың физиологиялық қажеттіліктеріне
Сәйкестігі тексерілді;
Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауы бақыланды;
Дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігі тексерілді.
Алдағы уақытта мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыратын болады.
{gallery}-28/15{/gallery}



