oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-28/16
JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-28/17
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-28/16
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-28/17

Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Отбасы бала үшін өмір мектебі. Ата-ана мен мектеп әр баланың білімді де тәрбиелі болып қалыптасу жолында жүйелі жұмыстар атқарады. Осындай жұмыстардың бірі ата-аналар жиналысы.

 

Бүгін мектебімізде 9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыста келесідей мәселелер қаралды

 

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары. Хабарламашы: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Тоқтамұратова

 

9 сынып бітіруші түлектерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру. Хабарламашы: мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ж.Төлегенова.

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Хабарламашылар: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанова, полиция майоры Н.Алдоңғаров.

 

Мектеп директоры Айгуль Нажмадинқызы ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру қажеттілігін айтып, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу арқылы нағыз тұлға етіп қалыптасуы жолында мектеп пен ата-ана ынтамақтастығының рөлі зор екенін атады. Мектеп оқушылары болашақта таңдаған мамандықтарына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болмау үшін, нақты жоспарлар құру қажеттілігін атап, жаңа мамандықтар атласымен таныстырды директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингі кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып жүргізілетінін атап айтып, жауапкершілікпен әрі зор дайындықпен келу қажеттілігін ескертті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға қысқаша тоқталып, күн жылуына байланысты жасөспірімдер арасында қозғалыстың артатынын еске салды. Ювиналды полиция майоры ата-ана жауапкергілігіне тоқталып, түнгі мезгілде оқушылардың жалғыз жүрмеуін қатаң ескертті.

 

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана жүйелі жұмыстар ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

{gallery}-28/16{/gallery}

 

Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік деңгейге өзіндік ұстанымы мен пікірі бар мемлекет ретінде танылып, әлем алпауыттарымен тең дәрежелі елге айналып отыр. Ал алдағы уақытта экономика, білім дамуы сынды бағыттардағы белестерді батыл қадамдар жасай отырып бағындыру бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Осы жолда оқушыларға, бітіруші түлектерге білім алу, жоғарғы оқу орындарына түсу кезеңінде оң өзгерістер жасалып отыр.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлынының оқушыларға жасаған үндеуінде мазмұнды да тың идеялар мен инновациялық ұсыныстардың басын біріктіретін, бір мақсат пен бір мүддеге тоғыстыратын ұстанымдар байқалады. Осы орайда, мектеп парламенті мүшелері мен мектеп оқушылары министр үндеуіне тоқталып, жан-жақты, толыққанды талдау жасады.

 

Мектеп парламенітінің Білім министрі Базархан Динара қазақ халқының ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы сөздерін негізге ала отырып, оқушыларға жасалып отырған мүмкіндіктерді уақытында пайдаланып, биік мақсатттарға қол жеткізуге шақырды. 11 сынып оқушысы, үздік аттестат үміткері Нұржанқызы Аяулым биылғы жылғы ҰБТ-ны өткізудегі өзгерістерді баяндады. ҰБТ-ның электронды форматқа көшуінің көңілге қонымды тұстарына тоқталып, грантқа түсу үшін екі мәрте мүмкіндік алатындарын барлық оқушы зор қуанышпен қабылдағанын жеткізсе, мектеп парламентінің «Дебат» фракциясының депутаты Манат Нұрсая министр Асхат Қанатұлының жоғары оқу орнын таңдау бойынша берген кеңестерін жеткізді.

 

Мектеп директоры Айгуль Нажмадинқызы терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейтінін айта келіп, оқушыларға озат оқуға, оқ бойы алда болуға тілек білдірді. Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенеміз.

{gallery}-28/17{/gallery}