oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-28/18
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-28/18

Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 5 сәуір куні ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.

 

Кун тәртібінде

  1. Биылғы ҰБТ-дегі елеулі өзгерістер;
  2. Түлектерге кәсіби бағдар беру;
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары.

 

Жиналыс барысында мектеп басшысы Айгуль Нажмадинқызы аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Ата-аналар мен пән мұғалімдері оқушылардың сынама тест көрсеткіштері туралы ашық әңгіме жүргізді. Мектеп басшысы бітіруші түлектердің ата-аналарымен сыбайлас жемқорлықтың белең алуына байланысты әңгіме жүргізді. Бітіруші түлектердің мектеп бітіру кештері, мерекелік шараларға байланысты бірлескен түрде жиналмауын ескертіп айтылды.

 

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуде елеулі жаңалықтар бар. Ол қандай жаңалық болмақ?

 

Ең қуаныштысы, жақында Асхат Аймағамбетов енді түлектердің ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Министр "бұл грантқа түсемін дегендерге жақсы мүмкіндік" екенін айтқан. "ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігіңіз бар. Бұл эмоциялық жүктеме мен күйзелісті азайтады", - деді министр.

 

ҰБТ электрон форматқа көшірілді Камеёралар мен бақылау жүйесі орнатылған.

 

Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағат. Ал ерекше балаларға қазір 4 сағат 40 минут болып отыр.

 

Гранттар сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға көптеп бөлінеді.

 

Сұрақтар базасы 30 пайызға жаңарады.

 

ҰБТ-да калькуляторлар пайдалануға рұқсат етілді. Сынақ тесттердің бағасы екі есеге төмендеді.

 

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ, тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.

{gallery}-28/18{/gallery}