oC

Креативті идеялар мен өнертапқыштық ұсыныстар, батыл дәлелдерімен, келешекті көзқарастарымен жастар қашан да еліміздің мәдени, рухани, ғылыми дамуының көшбасында жүреді. Осындай жастардың басын біріктіріп, мүмкіндік беруде жастар орталығының ықпалы зор.

 

Ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады. Осы орайда мектеп парламенті мүшелері орталық жұмысымен танысып, жоспарларымен бөлісті. Өздері секілді жасөспірім достарының бос уақытын тиімді өткізуге таптырмас орын екенін білді.