Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы мектеп» штабы мен «Әйелдер күші» альянсының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы – қыздар көшбасшылығы» тақырыбында шебер-сынып өтті. Аталмыш шараға ZOOM платформасы арқылы қала мектептерінің 8-10 оқушы қыздары қатысты.
Ұрпақтардың өзара достығы, сабақтастығы олардың бір-біріне деген пейілі мен көңілі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – ертеден келген, қанымызға сіңген игі қасиет. Осы орайда 3 ұрпақ, 3 буын бойынша бүгінгі шараға келесі қонақтар қатысты
І БУЫН. Әже тәрбиесі - қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы:
- #Күләй_Сағындыққызы – Облыстық ардагерлер кеңесінің орынбасары
- Рахима Қаржаубайқызы - Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Бойтұмар - Ханым» қоғамдық қорының жетекшісі
- #Меруерт_Нығметқызы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, "Ақ босаға" қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
ІІ БУЫН. Ана - ұлттың тәрбиешісі:
- Aida Ибрагимқызы - «Казпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиал директоры, Қызылорда облыстық мәслихаты депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «Әйелдер күші» альянсының төрайымы.
- Орынша Міржақыпқызы – Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы. 3. Жаннат Мылтықбайқызы - Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар мектеп директоры, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы.
ІІІ БУЫН. Ибалы қыз – ұлт байлығы:
- #Қаламқас_Арыстанқызы - Қызылорда облысындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы 2. Жанар Бимұратқызы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің басшысы
- Бекзат Ырза - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы
Бас қосудың алғашқы ресми бөлімінде «Әйелдер күші» альянсымен бірнеше серіктес мекемелер арасындағы меморандумға қол қойылса, екінші бөлімде қатысушы-спикерлер ашық-пікір алмасып, көшбасшы қыздардың қоғамдағы орны, көшбасшылықты қалыптастыру, отбасы мен мансап тепе-теңдігін сақтаудың сыры жайында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ шара барыссында мектеп театры мүшелері батыл да қайсар, нағыз көшбасшы Мәншүк Мәметова мен анасының рөлін сомдап, әжелер ансамблі әннен шашу шашып, мектеп парламентінің президенті қыз балалар атынан үндеу жолдады.
️ Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – өнегелі қыздың бой жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет, ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді. Еліміздің жас өрендері, елдің болашақ тұтқасы болар қыз балалар ізгі де инабатты, ілтипатты да көркем мінезді болып өссін дейміз.
{gallery}-36/0{/gallery}



