#SCIENCE_FACTORY_ҒЫЛЫМИ_ЗЕРТТЕУ_ОРТАЛЫҒЫНЫҢ_ҚОРЫТЫНДЫ_ЖҰМЫСТАРЫ_2
#ХАЛЫҚАРАЛЫҚ_ҒЫЛЫМИ_ПРАКТИКАЛЫҚ_КОНФЕРЕНЦИЯ
Мектебімізде 24 мамыр күні «ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. «Science factory» ғылми-зерттеу орталығының оқу жылындағы жұмысы қорытындыланды. Конференцияға мектеп директоры Айгуль Мусабаева Нажмадинқызы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Бекзат Ырза Шәкімұратқызы модераторлық етті.
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова Бақтыбайқызы конференцияны ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, спикерлерлер шет елдерден атап айтсақ, Шотландия, Германия, Англия, Канада елдерінен қосылып, мұғалімдерге өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кәрібаева Гүлжан Асылбекқызы – Англия, Дарем университеті, PhD.
«Мектеп мұғалімдерінің халықаралық журналдарға мақала жариялау бағыттары туралы»
Сет Агбо – Канада Лейкхед университеті, Phd.
«XXI ғасырда ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту: педагогикалық стратегия»
Төлегенов Бақыт Өмірбайұлы – Шотландия, Глазго университеті, Менеджмент саласының PhD докторанты.
«Ғылымға саналы түрде келу. Ғылымның дамуына үлес қалай жасаймыз. Мақалаларды библиометриялық әдістер арқылы іздеу»
Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы – Германия, Тюбенген университеті (Тағылымдама), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда универсиеті «Археология және этнография» Ғылыми орталығы жетекшісі, PhD.
«Мектеп мұғалімдерінің ғылыми бір бағыты оқушыларға ғылыми жоба жаздыру»
Қызылорда облыстық оқу орталығының басшысы Аскаров Сырым шараны қорытындылап, мұндай конференциялардың маңыздылығын баса айтты. Мектеп ұстаздарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету заман талабы екеніне тоқталды.
{gallery}-36/-9{/gallery}



