oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-36/-10
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-36/-10

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін, ең қымбат,ең қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентер сәт, соңғы рет қоңырау үні сыңғырлады. Бұл – балалық балдәуреннің бір белесі.

Абылай Хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізіліп, мектеп бітіргендеріне 40, 50 жыл тоған түлектер және арнайы қонақ, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Амангелдиев Бағлан Бақытжанұлы қатысты. Салтанатты жиынды мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы ашып, жыл қорытындысымен түрлі бағыт бойынша үздік атанған мектеп ұстаздарын марапаттады.

Балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері соңғы қоңырау ұрып, мектеп вальсін сән-салтанатымен билеп, білім кілтін 10 сыныптың оқу үздіктеріне табыстады. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар оқушылар білім алған мектебімнің абыройын жоғары ұстауға, елдің жарқын болашағы жолында Сыр өңірінің әлеуетін көтеруге ант етті.

Салтанатты шараның келесі бөлімі «Үздіктер карнавалына» арналды. Барлығын таң қалдырып, білім биігін бағындырып, 2021-2022 оқу жылында жоғары табысқа жеткен, жалынды да дарынды оқушыларымыз сап түзеп шеру құрды. Бұл қатардан жасампаз жаңалықтарымен өз саласын биіктетер жас ғалымдар, ел болашағының дамуына сүбелі үлес қосар жас дарындар, елдің қорғаны, тәуелсіздіктің тұғырлы болуының дәнекері жас сарбаздар, парасаттылық пен тәртіпті бойларына сіңірген адал ұрпақ мүшелері мен қозғалыстың жас инспекторлары да табылды.

Құрметті жас түлектер армандаған білім ордаларыңызға оқуға түсіп, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Болашаққа қадам басқан жаңа өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.

{gallery}-36/-10{/gallery}