2022 жылдың 6 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің мектеп асханасында тамақтану жүйесін ұйымдастыру кезеңінде тынығушылардың тамақтану сапасын бақылау, тағам дайындау технологиясын сақтау, азық-түліктің сапалы ассортиментін қолдану және қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік топпен ыстық тамақтың берілуі тексерілді.
Мониторинг барысында анықталғаны
Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары бар;
Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады;
Комиссия мүшелері тарапынан азық-түліктердің сапасы, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп қолданысқа беріліп отырады;
Ыдыстар арнайы ыдыс жуатын орында жуылып кептіріледі;
Асханада қол жуатын қолжуғыш, сабын үнемі қолданыста тұрады;
Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде;
Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.
Алдағы уақытта да мониторингтік топ тамақтану сапасын бақылауда ұстайды.
{gallery}-36/-22{/gallery}



