oC

Жазғы мектеп жұмыстары бойынша 1 - сынып білім алушылары математика пәнінен "Қосу және азайту" тақырыбында ойын сабақ өткізілді.

Мақсаты: Сандар құрамын анықтау,өрнектерді салыстыру, есепті шығара алу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысы жаңа форматта акт құралдарын пайдалану арқылы өткізілді. Топтық,жеке жұмыстары жүргізілді. "Кел, ойнайық" "Жұмыртқа жинау" әдістері қолданылды.Білім алушылардың сабаққа қызығушылықтары арта түсті.Сонымен қатар жеке жұмыс түрлері де орындалды.