«Бала еңбегін канауға қарсы күрестің 12 күні»
Ұлттық ақпараттық науқанды өткiзудiн ведомоствоаралык іс-шаралар жоспарына сәйкес Ішкі саясат басқармасы мамандарымен жұмыстар жүргізілді.
Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Ақпараттық науқан бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын мақсатында өткізілді.
Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғынуымыз керек. Әрбір бала өзінің құқығын білуі маңызды.
Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Ел ертеңі – жас ұрпақ, бүгінгі оқушыларымыз болғандықтан, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!
{gallery}-36/-27{/gallery}



