Бүгінгі таңда оқушылар осы мүмкіндікті пайдаланып, білімдерін шыңдап жатыр. Оқушылар уақытты тиімді өткізіп, ыңғайлы кесте мен қызықты форматта оқиды.
Тарих пәні мұғалімі Тоғызбаева Гүлжанның басшылығымен 10 сынып оқушылары " Облыстық тарихи-өлкетану музейіне" саяхат жасап экскурсия сабақ өтті.
Сабақты тақырыбы: "Түрік империясы". Сабақ барысында оқушылар музейдегі құнды жәдігерлерді көзбен көріп теориялық білімдерімен ұштастырды. Өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Осындай еркін форматтағы сабақ оқушыларға ерекше ұнады.
{gallery}/-36/-33{/gallery}



