" Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында бүгін қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Қосанова М. 8 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізді. Биылғы жыл А. Байтұрсыновтың 130 жылдығына орай, оқушыларға оқулықтан тыс мағлұматтар беру мақсатында, Байтұрсынов еңбектерінің мазмұны, жазылу тарихы, репрессия жылдарынан сақталған мұрағат құжаттарымен таныстырылым түрінде сабақ өтілді.
"Әдебиет танытқыш" атты еңбегінің мазмұнына оқушылар шолу жасап, қысқаша ойталқы ұйымдастырды. Оқушылар әдебиет әлемінің майталманы туралы тың деректерге қызыға көңіл бөлді.
{gallery}/-36/-38{/gallery}



