#МЕКТЕПКЕЖОЛШЕКАРАСЫЗ_ЖАҚСЫЛЫҚ
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары!
2022 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 жарлығына сай жарияланған Балалар жылына орай еліміздің әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Осыған орай, жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында «Мектепке жол Шекарасыз жақсылық» Республикалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!
Балаға мейірім сыйлауға, жақсылық жасауға асығайық!
Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар бойынша жауапты қызметкерге төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады
Мектеп директоры Айгүл Нажмадинқы 8-777-047-69-69
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айтолкын Ибрагимқызы 8-777-139-22-27
Бақытжан Сапарғалиұлы 8-771-511-54-54
Әлеуметтік педагог Ақбота Мұсабекқызы 8-707-992-25-10
☎Қабылдау бөлімі: 8(7242)23-76-37
Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектеп ұжымы



