Адалдық кіші мектеп жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Жақсылық.
- «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Б.Нұрмұратов, С.Байдарбесова
- «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасының жетекшісі Н.Қонысова, Ж.Мұзарапшина.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
Міндеттері:
-Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
-Мектеп,ата-ана,отбасы қауымдастығын жандандыру.
-Саяси құқықтық білімін қалыптастыру.
-Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік, этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
-Азаматтық, патриоттық шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған ортаны құру.





