Отбасы кіші мектеп жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.И.Оспанова.
- «Парасатты отбасы» жобасының жетекшісі М.Қосанова, П.Несіпбаева
- «Ата-ана жұмысындағы 1 күн» жобасының жетекшісі Ж.Төлегенова
- «Қамқор аға, қамқор әпке» жобасы ның жетекшісі Ж. Байзақова
«Отбасы мектеп» штабының мақсаты:
Отбасылық құндылықтарды сақтау, қыз бала тәрбиелеудегі, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
Халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, қыз балалардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру
«Отбасы мектеп» штабының міндеттері:
Тәрбие процесін ұйымдастыруда көмек көрсету.
Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.





