29 тамыз күні Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде "2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері" тақырыбында шебер сынып өтті.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толкын Оспанова тәрбие жоспарын қүрудағы өзгерістер мен биылғы оқу жылында тәрбие жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктерге кеңінен тоқталды.
- 2022/2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде
- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын
- Роза Бағланованың 100 жылдығын
- Қазыбек бидің 355 жылдығын
- Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын
- Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын
- Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге, дайындауға ерекше назар аудару қажет екенін және тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылатын, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылатынын атады.
Шебер сынып барысында Жақсылық Бақытжан сынып жетекшілермен тренинг жүргізіп, "Логиканы қос" ойынын ойнатса, мектептің әлеуметтік педагогы Құлжанова Ақбота мектептің әлеуметтік паспорты №472 бұйрық негізінде жасақталатынын, №64 қаулы негізінде 5 санат бойынша көрсетілген қаржылай көмектің нысаналы пайдаланылуын қадағалауды тапсырды.
Отырыс соңында сынып жетекшілермен кері байланыс орнатылып, туындаған сұрақтарға жауап берілді.
{gallery}-34/3{/gallery}



