Шуақты күздің алғашқы күні шартарапта соғылып жатқан алғашқы қоңырау, білім күні мерекесін Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебі үлкен дайындықпен қарсы алды. Білім биігіне жетелер мектеп табалдырығын жүз отыз жеті 1 сынып оқушысы аттап, «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы салтанатты жиынға қатысты.
Биылғы оқу жылының басты ерекшелігінің бірі 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады.
Сонымен қатар биылғы жыл
- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
- Роза Бағланованың 100 жылдығы
- Қазыбек бидің 355 жылдығы
- Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы
- Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы
- Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдық мерейтойымен тұстас келіп отыр.
Бүгінгі салтанатты шарада Абай Құнанбайұлының рөлінің сомдалуымен бастау алып, бүлдіршіндердің ән шашуымен және оқушыларға жаңа оқу жылына сәтті қадам, таудай талап тілеумен жалғасты.
Салтанатты жиында арнайы шақырылған қонақтар «Әлімсақ» журналы, «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әнуар Айдын Серікұлы және мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қалалық мәслихат депутаты Айгуль Мусабаева Нажмадинқызы ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
{gallery}-34/5{/gallery}



