Үстіміздегі жылдың 24 тамызында Ішкі істер мен оқу-ағарту министрліктерінің арасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен бірлескен отырыста Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.М. Ахметжанов барлық орта білім беру мекемелерінде «Жалпы құқықтық білім беру сабағын» өткізуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес бүгін мектебімізде Қызылорда облыстық полиция департаментінің анықтау басқармасы бастығының орынбасары подполковник Қаппар Бақытжан Бақытбекұлының қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына құқықтық сағаты өткізілді.
- Құқықтық сағат барысында төмендегідей тақырыптар қозғалып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.
- Қылмыстық жауаптылықтың жасы;
- Есірткі қылмысының алдын алу;
- Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады.
- Өмір біреу-ақ қана, оның басты қазына екенін ұмытпауыңызды сұраймыз.
{gallery}-34/6{/gallery}



