Қай кезде болмасын бала қауіпсіздігі мәслесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет.
«Қауіпсіз мектеп» апталығы аясында оқушыларға жол ережесін үйрету арқылы, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларына ювеналды полиция инспекторлары Алдабергенов Нұрбол, Баймұрзаев Нұртай мен мектептегі қозғалыстың жас инспекторлары жолда жүру ережелерін, бағдаршамнан өту тәртібін түсіндірді.
{gallery}-34/7{/gallery}



