Оқу жылының басында алғашқы ата-аналар жиналысы жаңа, өзгеше форматта өтті. Алдағы уақытта мұғалім ата-аналармен сыныпта ғана жиналыс жасап, оқушылардың үлгерімін айтып қана қоймай, оның қай пәнге қызығушылығы басым екенін, оқу бағдарламасындағы өзі сүйетін бағытын бақылап ата-анамен бөліседі.
Бүгінгі 8 қыркүйек күні өткізілген жиналыста оқу, тәрбие орынбасарлары, мектеп психологтары мен пән мұғалімдерінің қатысуымен өрбіді. Жиналыс басында ата-ана мен мектептің тығыз жұмыс істеуі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырамыз делінді. Себебі оқу үрдісіне ата-ананың араласуы маңызды фактор. Егер мектепте мұғалім ықпал етсе, үйде ата-анасы бақылайтын болса бала бос уақытын тиімді пайдаланып, әрбір оқушы өзінің қызығушылығымен, ойлау қабілетімен ерекшеленеді.
{gallery}/-34/9{/gallery}



