Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.
Мектеппен унемі байланыс орнатып, өз баласы тәрбиесіне бейжай қарамайтын ата-аналарымыз баршылық. Оның бір дәлелі ретінде мектебімізде өткен ата-аналар жиналысын айтуымызға болады. Бүгінгі 9 қыркүйек күні өткізілген жалпы жиналыс барысында мектеп директоры Айгуль Мусабаева биылғы оқу жылындағы ерекшеліктерге, мектептегі жаңалықтарға тоқталып өтсе, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың бейімі мен мүмкіндіктерін айтып, әрі қарай түрлі тренингтерге ұласты.
{gallery}/-34/10{/gallery}



