Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелерінің кәсіби күні және жас өрендеріміздің дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажыратып ғибрат алуға тәрбиелейтін ақылшы қарттарымыздың мерекесі. Қымбатты ақылдың кенін арқалаған қариялар, шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!



