oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-32/2
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-32/2

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, өз құқығын біліп, міндетін орындап жүрсе одан ешкім де ұтылмайды.

20 қыркүйек күні қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Шоқбарова Айгерім Машарапқызы, ювеналды полиция майоры Алдабергенов Нұрбол және облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Садуақасова Гүлнұр Маратқызының қатысуымен мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз етуге байланысты 8-11сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, мектеп пен әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.

 {gallery}-32/2{/gallery}