Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында құрылған "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы өтті.
Отырыс басында ұйымның жоспарлы жұмыстарын жүргізу, жүйелеу үшін Ұланбасы сайлауы болып, 7 "Ә" сынып оқушысы Көлбай Айару сайланды. Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру бағытындағы жұмыстарды мектеп тәлімгері мен ұланбасы біріге атқаратын болады.
Жігерлі де жалынды Жас Ұландықтарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
{gallery}-32/3{/gallery}



