Бәсекеге қабілетті өскелең буынды тәрбиелеу жолында жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасын сапалы іске асыру, білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында 2-4 сыныптарда «Indigo» тестілеу жүйесімен жұмыстар жүргізілуде.
«Indigo» тестілеу жүйесінің мақсаты:
- Жеке оқушыда əр пəн бойынша қалыптасқан тақырыптық жəне тоқсандық білім сапасын тексеру.
Міндеттері:
- «Indigo» тестілеу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Оқушылардың тақырыптық жəне тоқсандық бақылау тапсыратын пəндерден дайындалатын тест сұрақтарының мазмұнының құзыреттілік талаптарына сəйкес келуін талап ету, қадағалау;
- «Indigo» - тестілеу жүйесінің мүмкіндігіне қарай орталық жұмысын жетілдіріп отыру;
- Тест тапсырмаларының уақытылы өткізілуін қадағалау, қабылдау;
- Техникалық құралдар кешенінің мақсатты түрде пайдалануын бақылау, талап ету.
Күтілетін нəтиже:
- Оқушылардың оқуда жақсы нəтижеге жетсем деген қызығушылығын арттыру;
- Әр пəн бойынша оқушының білім сапасын арттыру;
- Нақты шешім қабылдауға үйрету жəне ой өрісін дамыту.
Қандай да бір жұмыстың нәтижелі болуы – ең алдымен дұрыс жоспарлаудан басталатыны белгілі. Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған ұрпақтың қолында. Келер келешегіміздің келісті келбетін қалыптастыру олардың сапалы білім алуларына байланысты.
{gallery}-32/6{/gallery}



