Тұран төрінен орын алған Сырдың бас шаһары қос ғасыр көшінде талай тарихи кезеңдердің куәсі, тарлан тұлғаларды түлеткен қасиетті мекені, Алаш қайраткерлерінің табанының табы, ұлт зиялыларының ізі қалған қасиеттің ордасы. Қойнауы тағылымды тарихқа толы Ақмешіт «Алашқа ана, қазаққа пана» болған киелі мекен.
Туған қаламыздың туған күнімен мектебіміздің спортшылары құттықтап, Сырдың бас шаһары жаңарып, жасарып, сәні мен салтанаты келіскен, бүгінгі заманға сай келбетке ие болуға тілектерін білдіреді.



