oC

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Ұстаз - ұлағатты есім. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам - Ұстаз.

Ұстаздар мерекесіне орай Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен  6"Ә" сынып (сынып жетекшісі Ыбрай Нұрайлым) оқушылары мектебіміздің ұстаздарына өз лебіздерін білдірді.