Табысты жетістіктер нәтижесі табысты еңбектің жемісінде келеді емес пе, сондықтан оқушыларымызбен және мектеп Парламент мүшелерінің қатысуымен бірлескен бірнеше жобаларымыз нәтижесін бере отырып, жалғасын табуда.Сондай тиімді жобалардың бірі- «Оқушы үні» жобасы. Оқушы үні жобасы мектебіміздің Парламент мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді.
Атап айтқанда, 5-11 сынып оқушылары арасында «Жүрегімдегі бір үзік сыр» тақырыбында ашық хаттар және эссе жазылды. Ашық хаттар мен эссе жазу барысында әр оқушы өзінің жүрек түбіндегі жан сырын қағаз бетіне түсіре отырып, мектеп психологтарымен сырларын бөлісті.
Мектеп оқушылар үшін ең қауіпсіз мекенге айналу керек, бақытты қаланатын мектепте балаларға барлық жағдай жасалу керек.Сондықтан да «Оқушы үні» жобасы- осы қадамға нақты басымдық болатын ең сенімді жоба.
{gallery}-37/7{/gallery}



