«МИФ» апталық жоспарына сай бүгін мектебімізде «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында 11 сынып оқушыларына еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірі Алматы менеджмент университетінен мамандар келіп, оқушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағыт бағдар берді. Сонымен қатар қаламыздағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне саяхат сабағы ұйымдастырылды.
Саяхат сабақ жетекшісі - информатика пән мұғалімі Байдарбесова Салтанат.
Саяхат сабақтың мақсаты:
Негізгі мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу;
Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге, таңдаған мамандығының өз білімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне бағыт бағдар беру;
Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын, болашаққа деген құлшыныстарын арттыру.
Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн.
Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
{gallery}-37/8{/gallery}



