2022 жылдың 05 қазанында математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты апталығы аясында математика пәнінен 10«А», 10«Ә» сыныптарына PISA: «Әлемді ғылым ғана өзгертеді» атты талдау сабағы өткізілді. Оқушылар PISA тестіндегі математикалық тапсырмаларды белсенді орындап, сабаққа жақсы араласып отырды.
Сабақтың мақсаты: PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. Бұл тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi.
Пән мұғалімі: Алтынай Азимкулова
{gallery}/-38/2{/gallery}



