2022 жылдың 29 қазан күні “Ғылыми бағдар беру шеберханасында” Республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Қала мектептері арасында өткізілген байқаудың мақсаты-жас зерттеушілерге қолдау көрсету, дарынды оқушылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау. Аталмыш байқау сырттай бағалау форматында комиссия мүшелерінің қатысуымен болып өтті. 30 комиссия мүшелері 4 бағыт, 16 секция бойынша барлығы 400-ден астам жұмысқа бағалау жүргізді. Әрбір жұмысқа бағалау парақтары беріліп, сарапшылардың ашық бағалары қойылды. Қалалық байқау ашықтық пен әділдікті негізге алды. Байқау қорытындысына сәйкес 200-ден астам жұмыс Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жас ғалымдарға қаламдарыңыз шыңдала берсін деп тілек білдіреміз.
{gallery}-36/-41/1{/gallery}



