Мақсаты:Оқушылардың демалыс күндерін тиімді пайдалану. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 3"Г" сынып (сынып жетекшісі Омарова Ұлболған) оқушыларын мектебіміздің кітапханашылары №2 балалар кітапханасына жаңадан келген кітап топтамаларымен таныстырды.
Оқушыларымыз "Айболит", "Жігіттің сұлтаны бол", 10 томдық "Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы "және "Танымал ертегілер" сериясымен жарық көрген ертегілер жинақтарымен танысып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын танытты.



