Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында Республика күнін ерекше сипатта атап өтуде. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке.
Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы мақсатта мектебімізде "Тарих- ғасырлар куәсі" тарих апталығы барысында пән мұғалімі Манат Жарбосынқызының ұйымдастыруымен оқушылар облыстық тарихи- өлкетану мұражайына саяхаттап, Мемлекеттік Әнұранды әуелете шырқады. Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушыны шығармашылық, танымдық, спорттық мерекелік іс-шараларды өткізуді басты назарға ұстау әрқашан алдынғы орында.



