"ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ" айдары өз жұмысын бастады
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастау алған " Қауырсын қалам" айдарының алғашқы шығарылымы оқырманға жол тартты. Оқушыларымыздың ұлттық мереке қарсаңындағы жүрек қылын тербеген тырнақ алды туындыларын қалың көпшілікке ұсынамыз. Айдарымыздың бұл саны арқылы жас ақындарымыз отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін өлең жолдары арқылы көрсете алды.



