5 ШЕБЕРХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Мектебімізде ашылған “Ғылыми бағдар беру” шеберханасы өз нәтижесін беріп келеді. Шеберхананың жүйелі жұмысының негізінде, үнемі бағыт-бағдар беру тәжірибе алаңдарын өткізудің нәтижесінде Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы #78 орта мектебінің оқушылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті. Олар өздерінің ғылыми жұмыстарын таныстырды. Сонымен атар, зерттеу жұмыстарын зертханада сынап көруге мүмкіндік алды. Бұл оқушыларға шығармашылық шабыт сыйлады.
1 сынып оқушысы Жарылқаған Таңнұр "Ащыбұлақ-дала дәрігері, шипалы мекен" тақырыбында, Кәдірмахан Бақжан "Тұздыкөл құпиясы" тақырыбында және 9 сынып оқушысы Кәдірмахан Томирис "Табиғи бордың қасиеттері" тақырыбында ғалымдарға өз жұмыстарын таныстырды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары ғылыми жұмыстың маңыздығын атап өтіп, жас зерттеушілерге шығармашылық табыс тіледі.
{gallery}/-39{/gallery}



