Тарих - ғасырлар куәсі
Білім берудің жаңа бағытына сәйкес Абылай хан атындағы №140 орта мектебінің оқушылары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхаттады. Аталмыш саяхат сабақ " Тарих - ғасырлар куәсі" атты тарих апталығы аясында ұйымдастырылып отыр. Пән мұғалімі: Тоқтамұратова Манат
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни кіші Отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын оқып-білу. Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату мақсатындағы саяхаттың оқушыларға әсері мол болды.
Айта кету керек, осындай игі шара оқушыларға ерекше әсер қалдырды
{gallery}/-45{/gallery}



